Биыл қатынаған Қытай-Еуропа(Сиань) жүк пойызының саны 5000-нан асты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 2 қараша

2 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 30 қазанда Сиань халықаралық порт станциясынан автокөлік бөлшектері, жұмсақ ойыншықтар мен тұрмыстық тауарлар тиелген X8469 пойызы Германияның Дуйсбург қаласына қарай жолға шықты. Бұл 2026 жылы қатынаған Қытай-Еуропа (Сиань) жүк пойыздарының саны 5000-нан асып, көрсеткіш былтырғыға қарағанда жарты ай ерте орындалғанын білдіреді.

Биылғы жылдың басынан бері Қытай теміржолы Сиань компаниясы ақпараттық кедергілерді жойып, жұмыс процесін қайта құрып, станция жабдықтарын жаңартты. Пойыздарды жинақтау және жолға салу уақытын 7 күннен 3,3 күнге қысқартты. Жұмыс тиімділігі 52,9%-ға артып, бір контейнерді жөнелту құны шамамен 20%-ға төмендеді. Ал толық тізбекті операциялық әлеует айтарлықтай жақсарды.

Қазіргі уақытта Қытай-Еуропа (Сиань) жүк пойыздары тұрақты түрде 18 халықаралық бағыт пен 26 ішкі жинақтау желісі бойынша жұмыс жасайды. Бұл бағыттар Еуразия құрлығындағы 45 ел мен аймақты қамтып, 200-ден астам қалаға жетеді. Сианьнан шығатын пойыздар қатынау саны, жүк тасымал көлемі, жүктелген контейнерлер үлесі сияқты бірнеше негізгі көрсеткіштері бойынша 8 жыл қатарынан елде бірінші орынды ұстап келеді. Осылайша ішкі аймақтардың сыртқы экономикалық байланысын дамытуға елеулі үлес қосуда.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото