Биыл алғашқы 10 айда Қорғас портындағы автомобиль экспорты 35,4%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 26 қараша

26 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Осы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Қорғас портындағы импорт және экспорт жүктерінің көлемі 39,802 миллион тоннаға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4%-ға өсті.

Осы жылдан бастап порт жеткізілім құрылымын оңтайландыруды жалғастырып келеді. Дәстүрлі металл кендері мен кен құмдары, ауылшаруашылық өнімдерінен басқа, тоқыма шикізаты, өңделмеген мыс және мыс тауарлары импорты тез өсті.

Негізгі экспорт — механикалық және электротехникалық бұйымдар, автомобильдер, құрылыс машиналары, жел энергетикасы жабдықтары және басқа да тауарлар. Олардың ішінде алғашқы 10 айда автомобиль экспорты 462 000 данаға жетіп, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,4%-ға артты. Оның ішінде жаңа энергетикалық көліктер 40%-ын құрады.

Сонымен қатар, Қытай мен Қазақстанның визасыз саясатының арқасында Қорғас кедені 977 000 жолаушыны өткізіп, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,22%-ға өсті. Осылайша трансшекаралық туризм мен мәдени алмасулар артып келеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото