- Барлық ақпарат
Цзинань-Қашқар-Орталық Азия алғашқы теміржол-автокөлік мультимодальды жүк тасымалдау қызметі іске қосылды

27 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 25 қараша күні Shandong Hi-Speed Group ұйымдастырған, Шаньдун өлкесінің Цзинань қаласынан Шыңжаңның Қашқар қаласы арқылы елден шығып, Орталық Азияға бағытталған алғашқы теміржол-автокөлік мультимодальды жүк тасымалдау пойызы жолға шықты. Шаньдун өлкесінің Шыңжаңға көмек көрсету бастамасы аясында жүзеге асырылған бұл тасымал негізінен Шаньдун өндірген автокөлік бөлшектері мен көлік доңғалақтары сияқты жоғары сапалы экспорттық тауарлардан тұрады. Жүк теміржол арқылы Шыңжаңның Қашқар қаласына жеткізіледі. Сол арада автокөлікке ауыстырылып ел шекарасынан шыққаннан соң, Өзбекстан мен Қырғызстан сынды Орталық Азия елдеріне жөнелтіледі. Жалпы тасымалдау уақыты шамамен 15 күнді құрайтын бұл жаңа халықаралық мультимодальды көлік дәлізі Шаньдун өлкесіндегі сыртқы сауда кәсіпорындарына Орталық Азия нарығына шығу үшін қосымша бағыт ұсынады.
people.cn © People's Daily Online



