Шэньчжэньде «Қытайдың басты технологиялық көрмесі» ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 27 қараша

27 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 26 қараша күні Шэньчжэнь халықаралық жиналыс және көрме орталығында (Баоань аумағы) 28-інші Қытай халықаралық жоғары технология жетістіктері жәрмеңкесі (CHTF) ашылды. «Инновация трансформацияға жетекшілік етеді, ынтымақтастық әлемді байланыстырады» тақырыбына арналған биылғы көрменің жалпы ауданы 400 000 шаршы метрді құрайды. Көрмеге 120-дан астам ел мен аймақтан 5 000 ұйым қатысуда. Іс-шара 28 қарашаға дейін жалғасады.

Мемлекеттік кеңес мақұлдаған, ұлттық деңгейдегі аталмыш халықаралық технологиялық шара CHTF «Қытайдың басты технологиялық көрмесі» ретінде кеңінен танымал. Көрме ғылыми-техникалық жетістіктерді коммерцияландыру мен индустрияландыруды ілгерілету, сондай-ақ ғылым және технология саласындағы халықаралық алмасу мен ынтымақтастықты дамыту сияқты маңызды миссиясын табысты атқарып келеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото