人民网首页Бас бет

Жаңалық

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының ашылу және жабылу салтанатының бас режиссері -- Чжан Имоу

17 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Бұрын 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының ашылу және жабылу салтанатының бас режиссері болған Чжан Имоу 2022 жылғы Бейжің қысқы Олимпиадасы мен қысқы Паралимпиада ойындарының ашылу және жабылу салтанатының да бас режиссерлік қызметін атқарады. Осылайша Чжан Имоу Жазғы Олимпиада мен Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу және жабылу салтанатына жетекшілік еткен әлемдегі алғашқы «Қос Олимпиаданың» бас режиссері болды.

Бейжіңдегі Қысқы Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті: Олимпиада қатысушыларына індеттің күшейтпелі вакцинасын алуды ұсынады

23 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Бүгін таңертең Мемлекеттік кеңес баспасөз мәслихатын өткізіп, «2022 жылғы Бейжің қысқы Олимпиадасы мен қысқы паралимпиада ойындарының індеттің алдын алу жөніндегі нұсқаулықтың» екінші басылымының тиісті мазмұнымен таныстырды. Бейжіңдегі Қысқы Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті төрағасының арнайы орынбасары және бас хатшысы Хан Церон барлық Олимпиадаға келетін адамдар орталықтандырылған жерде оқшауланбай, төте түрде жабық басқарылатын аумаққа кіру үшін Қытайға келуден кем дегенде 14 күн бұрын бүкіл вакцинация процесін аяқтауы керектігі туралы мәлімдеді.

Бейжің 2022 қысқы Олимпиада ойындарының алауы Шоуган саябағына келді

14 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 13 желтоқсан күні Бейжің 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының алауы Бейжіңдегі Шоуган саябағына жетті. Алауды көрсету рәсімі Су асты көрме залында өтті.

Бейжіңдегі қысқы Олимпиадаға жаңадан қосылған ойын түрлері

1 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Алдағы Бейжің қысқы Олимпиадасында 109 алтын медаль сарапқа салынады. Бұл Қысқы Олимпиада тарихындағы ең көп алтын медальді құрайды.

Алдынғы бет15 16 17 18 19 20 Келесі бет