人民网首页

Халық құрылтайы

Си Цзиньпин: Әскерді заң бойынша басқару стратегиясын жүзеге асыруға және ұлттық қорғаныс пен әскери құрылыстағы заңдылық деңгейін арттыруға баса назар аударайық

8 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 7 наурыз күні, түстен кейін ҚКП орталық комитетінің бас хатшысы, мемлекет Төрағасы және орталық әскери комитеттің Төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік XIII Халық Құрылтайының бесінші сессиясындағы Халық азаттық әскері мен қарулы полиция делегациясының жалпы отырысына қатысқан кезде, әскерді заң бойынша басқару ҚКП орталық комитетінің әскерді құру мен басқаруының негізгі жолы болып табылатынын, бұл партияның жаңа дәуірде әскерді күшейту мақсатын жүзеге асырудың бір-тұтас талабы екенін атап көрсетті. Әскерді заңмен басқару стратегиясын жүзеге асырып, ел қорғанысы мен әскери құрылыстағы заңдылық деңгейін жоғарылатып, әскерді нығайту ісін ілгерілетуге берік құқықтық кепілдік беру қажеттігін баса айтты.

Ван И: Қытай мен Орталық Азияның бес елі арасындағы қарым-қатынас орда бұзар отызға келді

8 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 7 наурыз түстен кейін Мемлекеттік XIII халық құрылтайының бесінші сессиясының тиісті баспасөз мәслихатында, Мемлекеттік кеңес мүшесі және Сыртқы істер министрі Ван И «Қытайдың сыртқы саясаты мен сыртқы қатынастарына» қатысты мәселелер бойынша қытайлық және шетелдік журналистердің сұрақтарына жауап берді. Ван И биыл Қытайдың Орталық Азиямен қарым-қатынасы айтарлықтай және қуанышты оқиғаларға толы болғанын айтты.

Биыл «Әйелдердің құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы» заң қайта қаралады

8 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 8 наурыз күні таңғы сағат 9-да мемлекеттік XIII Халық Құрылтайының бесінші сессиясы халық құрылтайы сарайында екінші жалпы отырысын өткізді. Мемлекеттік XIII Халық Құрылтайы тұрақты комитетінің жұмыс есебінде жыл сайынғы заң шығару жоспарына сәйкес, биылғы жылы әйелдердің құқықтары мен мүдделерін қорғау заңы қайта қаралады.

Қытай Ауғанстан халқының қажеттіліктеріне қарай көмек көрсетуді жалғастырады

8 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 7 наурыз күні мемлекеттік XIII Халық Құрылтайының бесінші сессиясының баспасөз мәслихатында, ҚХР Мемлекеттік кеңес мүшесі және Сыртқы істер министрі Ван И «Қытайдың сыртқы саясаты мен сыртқы қатынастарына» қатысты мәселелер бойынша қытайлық және шетелдік журналистердің сұрақтарына жауап берді. Ван И Ауғанстан қазіргі уақытта ауыр гуманитарлық дағдарыс пен лаңкестік қауіп-қатерлерге тап болып отыр, Қытай әлем тарабы Ауғанстанға қиындықтарды жеңу үшін қандай қолдау көрсету керек деп ойлайды деген сұраққа жауап ретінде былай деді: «АҚШ Ауғанстаннан жауапкершіліксіз шегініп кетті.

Алдыңғы бет1 2 3 4 5 6 Келесі бет