人民网首页

Халық құрылтайы

Биыл Қытайда 5G базалық станцияларының жалпы саны 2,9 млн-нан асады

6 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрі Цзинь Чжуанлун 14-ші мемлекеттік Халық Құрылтайының бірінші сессиясы аясында министрлер дәлізінде берген алғашқы сұқбатында еліміз биыл 600 000 жаңа 5G базалық станцияларын ашатынын, осылайша еліміздегі 5G базалық станцияларының жалпы саны 2,9 миллионнан асатынын мәлімдеді. Цзинь Чжуанлунның айтуынша,Қытай ауқымы ең үлкен және технологиясы ең озық 5G желісін құрды, 5G-дің дамуы әлемнің алдыңғы қатарында тұрады.

Биылғы Үкімет жұмысы туралы есептегі 2023 жылға араналған негізгі мақсаттар

6 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 5 наурызда Премьер-министр Ли Кэцян 14-інші мемлекеттік Халық Құрылтайының бірінші сессиясында Үкіметтің жұмысы туралы есеп берді. Есепте 2023 жылға араналған төмендегідей негізгі мақсаттар қойылды:.

Биылғы дамудың басты мақсаты: ЖІӨ-нің шамамен 5 %-ға өсуі

5 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 5 наурызда Мемлекеттік Кеңестің премьер-Министрі Ли Кэцян Мемлекеттік Кеңес атынан 14-інші мемлекеттік Халық Құрылтайының бірінші сессиясында Үкіметтің жұмысы туралы есеп берді. Есепте үстіміздегі жылы күтілетін негізгі даму мақсаттары туралы төмендегідей мәліметтер келтірілді: ЖІӨ-ні шамамен 5% - ға өсіру; қалалық жерлерде 12 миллионға жуық жаңа жұмыс орнын ашып, жұмыссыздық деңгейін шамамен 5,5%-ға төмендету; тұрғындардың тауарларды тұтыну бағасын 3% - ға дейін өсіру; халық кірісінің ұлғаюы негізінен экономикалық өсумен сәйкес болу; импорт пен экспорт сапасын тұрақты ілгерілету, төлем балансының теңгерімділігін сақтау; азық-түлік өндірісін 6,5 миллиард тоннадан астам деңгейге жеткізу; жалпы ішкі өнімнің бірлігіне энергияны тұтынуды және негізгі ластаушы зат қалдықтарын төмендетуді жалғастыру; қазба энергиясын тұтыну көрсеткішін бақылау; экологиялық ортаның сапасын тұрақты жақсартып отыру.

14-інші мемлекеттік Халық Құрылтайының бірінші сессиясы Бейжіңде ашылды

5 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 5 наурыз күні Бейжіңдегі Халық құрылтайы сарайында 14-інші мемлекеттік Халық Құрылтайының бірінші сессиясы ашылды. Жиналысқа Си Цзиньпин және басқа партия мен мемлекет басшылары қатысты.

Алдыңғы бет3 4 5 6 7 Келесі бет