人民网首页

Халық құрылтайы

Қытай үлгісіндегі модернизация «модернизация = Батыстану» мифін бұзды

7 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Сыртқы істер министрі Цинь Ган 7 наурыз күні өткен 14-інші мемлекеттік Халық Құрылтайының бірінші сессиясының баспасөз мәслихатында Қытай үлгісіндегі модернизация «модернизация = Батыстану» мифін бұзды. Адамзат өркениетінің жаңа түрін құрып, бүкіл әлем елдеріне, әсіресе көптеген дамушы елдерге маңызды жол сілтеді.

СІМ: Қытай «Қытай+ Орталық Азиядағы бес ел» мемлекет басшыларының бірінші саммитін және «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастықтың үшінші форумын жақсы ұйымдастыруы тиіс

7 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Сыртқы істер министрі Цинь Ган 7 наурыз күні өткен 14-інші мемлекеттік Халық Құрылтайының бірінші сессиясының баспасөз мәслихатында Қытай мемлекет басшыларының дипломатиясын бастау етіп, әсіресе «Қытай+ Орталық Азиядағы бес ел» мемлекет басшыларының бірінші саммиті және «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастықтың үшінші форумы сынды өзі төрағалық ететін екі негізгі дипломатияны ұйымдастыру үшін бар күшін салатынын әрі Қытай дипломатиясының ерекше стилін көрсетуді жалғастыратынын атап көрсетті.

Си Цзиньпин жоғары сапалы дамуды жаппай социалистік заманауи елді құрудың басты міндеті ретінде қарастырады

6 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы, мемлекет Төрағасы және Орталық әскери комитет төрағасы Си Цзиньпин 5 наурыз күні түстен кейін 14-інші мемлекеттік Халық Құрылтайының бірінші сессиясы Цзянсу өлкесі делегациясының талқылауларына қатысу кезінде, жоғары сапалы даму жаппай социалистік заманауи елді құрудың басты міндеті екенін атап көрсетті. Төраға дамудың жаңа тұжырымдамасын толық іске асыру үшін сапаның тиімді жақсаруы мен санның ақылға қонымдылығын оңтайлы үйлестіру қажеттігін айтты.

Қытайдың негізгі қалаларында PM2.5 орташа концентрациясы он жыл ішінде 57%-ға төмендеді

6 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 2023 жылдың 5 наурызы таңертең 14-інші мемлекеттік Халық Құрылтайының бірінші сессиясы ашылғаннан кейін, Халық құрылтайы сарайында алғашқы «министрлер кездесуі» өтті. Экология және қоршаған ортаны қорғау министрі Хуан Руньцю журналистерге берген сұхбатында Қытай әлем бойынша ауа сапасының жақсаруы ең жылдам, жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуы ең жоғары және орман ресурстарының артуы ең іргелі ел екенін айтты.

Алдыңғы бет2 3 4 5 6 7 Келесі бет