人民网首页

Халық құрылтайы

Тікелей эфир:14-інші мемлекеттік Халық Құрылтайының бірінші сессиясы басталды

5 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 5 наурыз күні Бейжіңдегі Халық құрылтайы сарайында 14-інші мемлекеттік Халық Құрылтайының бірінші сессиясы басталды.

Мемлекеттік Халық Құрылтайы баспасөз хатшысы Ван Чао: «Қытайдағы мемлекеттік Халық Құрылтайы өкілдерін сайлау әлемдегі ең ірі демократиялық сайлау болып табылады»

4 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 4 наурызда 14-інші мемлекеттік Халық Құрылтайы бірінші сессиясының баспасөз мәжілісі Халық құрылтайы сарайында ашылды. Құрылтайдың баспасөз хатшысы Ван Чао Қытайдағы мемлекеттік Халық Құрылтайы өкілдерін сайлау әлемдегі ең ірі демократиялық сайлау және Қытайдағы толық халықтық демократияның жарқын тәжірибесі екендігін жеткізді.

14-інші мемлекеттік Халық Құрылтайының бірінші сессиясы 8 жарым күнге созылады

4 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 14-інші мемлекеттік Халық Құрылтайы бірінші сессиясының ақпарат тарату мәжілісінде құрылтай өкілі Ван Чао 14-інші мемлекеттік Халық Құрылтайы бірінші сессиясы 5 наурыз күні таңертең басталып, 13 наурыз күні таңертең жабылатынын, жалпы 8 жарым күнге созылатынын айтты. Құрылтайдың күн тәртібінде Үкіметтің жұмысы туралы есептер, «Қытай Халық Республикасының заң шығару заңы (түзету жобасы)» бойынша заң жобаларын қарау, Мемлекеттік Кеңестің институционалдық реформа жоспарын қарау, сондай-ақ мемлекеттік мекеме мүшелерін сайлау және тағайындау туралы шешім бойынша 6 баяндаманы қоса алғанда, 9 тармақ бар.

«Бір белдеу, бір жолдың» прагматикалық ынтымақтастығы тереңдей түсуде

4 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 14-інші мемлекеттік Халық Құрылтайы бірінші сессиясының ақпарат тарату мәжілісінде құрылтай өкілі Ван Чао «Бір белдеу, бір жол» бастамасы басталғаннан бері соңғы он жылда достық шеңбері кеңейе түскенін және 150-ден астам ел мен 30-дан астам халықаралық ұйымның ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойғанын жеткізді. «Бір белдеу, бір жол» аясындағы прагматикалық ынтымақтастық тереңдеп, кеңейді және әр тарап елдерінің экономикалық дамуына, жұмыспен қамтуды ұлғайтуға, халықтың өмір сүру жағдайларын жақсартуға оң үлес қосты.

Алдыңғы бет3 4 5 6 7 Келесі бет