Қойнауы қазынаға толған Көктоғай

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 9 маусым
Қойнауы қазынаға толған Көктоғай

9 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Желіде танымал болған «Көктоғай шопан әні» Көктоғайды көпшілікке таныстырды. Бұл Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионындағы қойнауы қазынаға толы мекен - Алтай аймағы Көктоғай ауданынан солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырымдай жерде орналасқан Көктоғай ұлттық геопаркі. Мұнда туристер қарлы тауларды, таңғажайып жартастарды, терең шатқалдарды, асау өзендер мен ну орманды тамашалау үшін келеді. Бұл табиғи мұражайда көптеген сирек кездесетін геологиялық ландшафттар тоғысқан. Ол сонымен қатар «Дүниежүзілік геологиялық-минералды мұражай».

«Көктоғай» сөзінің моңғұл тіліндегі мағынасы «көк иірім». 2012 жылы Көктоғай көркем аймағы ұлттық 5А саяхат өңірі болып бекітілді. Ол Ертіс үлкен шатқалы, Коксули, Еремті көлі және Қарсеңгір жер сілкініс айырық аймағынан құралған. Ертіс үлкен шатқалында ирелеңдей ағып жатқан Ертіс өзенінің екі жағалауындағы жартастар гүлден алқа тағынған. Ал жартастың бетіндегі ойыстар қатып қалған сарқырамаға ұқсап, керкем көрінісі көз сүйсіндіреді.

Осыдан 30 шақырым жерде орналасқан Коксулиді жаз бен күз айларында мыңдаған жабайы үйректер, сұр тырналар, қызыл қаздар, аққулар мекендейді. Таудан аққан қар суынан пайда болған бұл табиғи сазды алқапта 20-дан астам қамыс аралдар бар. Таңғажайып өлкеден тіршілік әні үзілмейді.

Табиғаттың Көктоғайға берген тағы бір сыйы – Көктоғай №3 шахтасы. Бұл әлемдегі кен түрлерінің жартысынан көбін қамтитын ең ірі кеніш. Ал мұндағы қазбалар әлемде сирек кездесетін кен қорының 90%-дан астамын құрайды.

Күз маусымында Көктоғай тағы да бір әсем көрініске бөленеді. Теңгедей бұлт жоқ көгілдір аспан, арқырай аққан өзен, көк пен жердің арасындағы алтын сары, жап-жасыл және күрең қызғылт түсті бояу көрікті өлкенің тамаша бейнесін мүсіндейді. Өзен бетін жапқан күзгі жапырақтармен ілесе, табиғат метаболизмі Көктоғайда тағы бір циклдаяқтатады. Ну орманның арасында жүрсеңіз, қоңыр күз бен күн нұры сізге өзгеше романтика мен эмоция сыйлайды. Осы сәтте еріксіз табиғаттың шеберлігіне тамсанасыз.

Мұнда өмірдің жалыны тасқындайды, табиғат сұлулығы толқиды. Қай кезде де бұл «көк иірім» тыныштығымен де, сұлулығымен де әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристерді өзіне баурап, әрбір жүрекке тазалық сыйлайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото