Бейжіңде 2025 жылы «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы күні» тойланды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 12 маусым

Нұрлан Ермекбаев

Нұрлан Ермекбаев

12 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 11 маусым күні кешке Бейжіңде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Хатшылығы ұйымдастырған «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы күніне» арналған қабылдау өтті. Іс-шараға ШЫҰ Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев, Қытай Халықтық Саяси консультативтік кеңес бүкіл мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Тату көршілік достық және ынтымақтастық комитетінің төрағасы Шэнь Юеюе, сондай-ақ ШЫҰ-ға қатысты елдердің Қытайдағы елшілері қатысты.

Шэнь Юеюе

Шэнь Юеюе

ШЫҰ Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев қабылдауда 24 жылдан бері «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы үлкен отбасы» кезең-кезеңімен керегесін кеңейтіп, ШЫҰ-ның халықаралық мәртебесі мен ықпалы күннен-күнге артып келе жатқанын айтты.

Осы күзде Тяньцзиньде өтетін ШЫҰ саммитінің дайындығы туралы айта келіп, Бас хатшы Қытайдың ШЫҰ-ға кезекті төрағалық еткен уақытта атқарған жұмыстарына алғысын айтты. Ол Хатшылық мүше мемлекеттерге өз мақсаттарына жетуде жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыратынын атап өтті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото