Лос-Анджелесте коменданттық сағат енгізіледі

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 13 маусым

Лос-Анджелес қаласының мэрі Карен Басс АҚШ-тағы екінші ірі қала — Лос-Анджелес орталығында коменданттық сағат енгізілетінін мәлімдеді, деп жазады Kazinform.

Шектеу жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00–ден (Гринвич бойынша сәрсенбі 03:00) бастап сағат 06:00–ге дейін (Гринвич бойынша 13:00) күшінде болады.

Коменданттық сағат шамамен 1 шаршы миль аумақты қамтиды.

Карен Басс атап өткендей, бұл шешім дүйсенбі кешке өткен бейбіт наразылық шарасынан кейін басталған тонау мен вандализм әрекеттеріне байланысты қабылданды.

Лос-Анджелес полиция департаментінің мәліметінше, коменданттық сағат аталған ауданда тұратындарға, үйсіздерге, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне және қоғамдық қауіпсіздік пен төтенше жағдай қызметкерлеріне таралмайды.

Карен Басс бұл шешімді АҚШ-тың Көші-қон және кеден қызметі (ICE) жүргізіп жатқан рейдтерге қарсы наразылық шаралары бесінші күнге жалғасып жатқан жағдайда қабылдады.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, демонстранттар 101-автомагистральды жауып, екі бағытта да қозғалысты тоқтатқан. Бұл оқиға коменданттық сағат енгізу туралы бұйрық шығардың алдында болған.

Осыған дейін наразылық білдірушілердің қақтығысынан кейін Трамп Лос-Анджелеске Ұлттық гвардияны жібергені анықталды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото