Қазақстандық тілшінің Қытайға деген сүйіспеншілігі

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 15 маусым

15 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 14 жыл бұрын қазақстандық жас жігіт Ильяс Машанло қытайлық жекпе-жек өнеріне деген сүйіспеншілігімен Қытайға оқуға келеді. Ол өзіне қытайша ерекше есім берді – «Сяолун» (Айдаһар). Оқуды бітіріп, еліне оралғаннан кейін ол тілшілік жолға түсті.

 «Алғашында мен жекпе-жек өнерінің қимылдарын үйренгім келген, бірақ Қытай мәдениетіне ғашық боламын деп ойламадым», - дейді Сяолун. 2011 жылы Сяолун Қытайға оқуға келіп, Бейжің Мұнай және химиялық технологиялар институтында өзінің ұстазы Сун Дилунмен танысты. Кейіннен ол Шэньси педагогикалық университетіне Қытай тлі мен әдебиеті, халықаралық қатынастар мамандығы бойынша оқуға түсіп, қосымша Тай Чи мен Хунцюаньды (Қытайлық жекпе-жек мектептері) үйренеді. Ол бірте-бірте қытайлық жекпе-жек өнерінің кеңдігі мен тереңдігін түсінді.

Сяолун жекпе-жек өнері Қытай мәдениетінің кішірейтілген үлгісі екенін айтты. Ол дененің машығы болып қана қоймай, сонымен қатар терең Шығыс философиясы мен даналығын қамтиды. Бүгінде Сяолун қытай тілінде еркін сөйлейді, қытай тілінде сұқбаттасып, репортаж жасай алады. Осылайша ол нағыз Қытайды түсіне бастады.

Биыл Сяолун Бейжіңге, Лоянға, Уханьға және басқа жерлерге барып, Қытай қалаларының ежелгі дәстүрі мен жаңа келбетін камерасына түсіріп, қаламымен дәптеріне естелікке түртіп алды. «Лоян: ежелгі және қазіргі заман араласқан қала» атты арнайы баяндамасында Сяолун осы мың жылдық ежелгі қаланың сүйкімділігін ерекше көзқараспен көрсетті. «Пион қаласының» тарихы мен даңқты ізінен бастап, Шаолин жекпе-жек өнері мәдениеті мен Лунмэнь гроттосының көркем қазыналарына дейін; China Yituo Group әзірлеген жүргізушісіз тракторлардан бастап жергілікті жоғары технологиялық кәсіпорындардың инновациялық жетістіктеріне дейін... ол жазған хабар Лоянның мәдени мұра мен инновацияны дамытудағы тамаша интеграциясын айқын көрсетеді. «Бұқаралық ақпарат құралдары - әлемнің түкпір-түкпірінен келген адамдар арасындағы өзара түсіністікті нығайтудың маңызды көпірі».

«Объективті және шынайы баяндамалар арқылы Қазақстан халқы Қытай туралы жан-жақты түсінікке ие болады және екі ел арасындағы мәдени алмасулар мен экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытады деп үміттенемін», - деді Сяолун. Астанада өтетін Қытай—Орталық Азия екінші саммиті туралы айта келе, Сяолун 2023 жылы өткен бірінші Қытай—Орталық Азия саммиті аймақтық экономикалық, сауда және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға негіз қалағанын айтты.

«Биылғы саммит барлық тарап арасындағы ынтымақтастықтың әлеуетін одан әрі ашады деп сенемін. Қытай-Орталық Азия бірінші саммиті өткен кезде мен Сианьда сыртқы сауда жұмыстарымен айналыстым. Мен саммиттің нәтижелеріне куә болдым және саммиттің жетістіктеріне көп көңіл бөлдім». Сяолун саммитте қол жеткізілген ынтымақтастық нәтижелерінің сериясы Орталық Азияның экономикалық дамуына және жергілікті тұрғындардың күнкөрісін жақсартуға үлкен серпін берді деп санайды.

Сяолун Орталық Азия мен Қытай арасындағы диалог пен ынтымақтастықтың аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау және ортақ дамуға үлкен маңызы бар екенін айтты. Осы саммитке қатысты Сяолун: «Бұл саммит Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын одан әрі тереңдетеді деп үміттенемін, әсіресе Қазақстанның Қытайға ауылшаруашылық өнімдерінің экспортын кеңейтуін және бірлескен инвестициялық жобаларды ұлғайту саласында жаңа жетістіктерге қол жеткізуін, екі ел арасындағы өзара сенім негіздері нығая түскенін қалаймын», - деп өз ойымен бөлісті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото