Қытайдың ең солтүстік ендігіндегі Харбин-Ичунь жүрдек теміржолының бүкіл желісі тұтасып болды (3)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 26 қараша
Қытайдың ең солтүстік ендігіндегі Харбин-Ичунь жүрдек теміржолының бүкіл желісі тұтасып болды

26 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 25 қарашада Хэйлунцзянның Цинъань ауданында құрылыс қызметкерлері 25 метрлік болат рельстің соңғы бөлігін төседі. Сол күні Қытайда салынып жатқан ең солтүстіктегі жүрдек теміржол - Харбин-Ичунь жүрдек теміржолы бүкіл желі бойынша тұтастырылды, енді бірлескен сынақ жұмыстары жүргізіледі. Харбин-Ичунь жүрдек теміржолы - Қытайдың «сегіз тік және сегіз көлденең» жүрдек теміржол желісінің, Бейжің-Харбин және Бейжің-Сянган-Аомэнь дәлізінің маңызды жалғасы. Бұл сонымен қатар Қытайдың ең солтүстік ендігіндегі жыл бойына температураның аса үлкен айырмашылығы бар, жылдар бойы қалыптасқан арал тәрізді мәңгі тоң аймағын кесіп өткен алғашқы жүрдек теміржол.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото