Шэньчжоу-22 ғарыш кемесі мен ғарыш станциясы автономды түрде жылдам түйісті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 26 қараша
Шэньчжоу-22 ғарыш кемесі мен ғарыш станциясы автономды түрде жылдам түйісті

26 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Бұл сурет 25 қарашада Бейжің ғарыштық ұшуды басқару орталығында түсірілген «Шэньчжоу-22» ғарыш кемесі мен ғарыш станциясының сәтті түйісуінің имитациялық көрінісі.

Қытайдың басқарылатын ғарыштық инженерия басқармасының мәліметі бойынша, «Шэньчжоу-22» ғарыш кемесі орбитаға шыққаннан кейін арнаулы режимге өтіп, 25 қараша сағат 15:50-де ғарыш станциясының Тяньхэ негізгі модулінің алдыңғы бөлігімен сәтті түйісті. Түйісу жұмыстары аяқталғаннан кейін «Шэньчжоу-22» ғарыш кемесі біріктірілген қондыру бөліміне өтеді, болашақта ол «Шэньчжоу-21» ғарышкерлер экипажының жерге оралуы үшін пайдаланылатын ғарыш кемесі болады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото