- Барлық ақпарат
Шыңжаңдағы Алтай-Қом тасжолы жазғы қатынас режиміне көшті (5)
8 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Мамыр айына қарай Шыңжаңның Алтай таулары жасыл желек жамылды. Қарлы тау мен жайқалған жайлау аясындағы Алтай-Қом тасжолы жазғы қатынас режимін ресми түрде бастады. Белгілі болғанындай, жазғы қатынас режимінде көлік түрлері мен уақыт кезеңдері бойынша нақты басқару жүзеге асырылады. Жеті орынды және одан кем жолаушылар көліктеріне күн сайын таңғы 9:30-дан 15:00-ге дейін жүруіне рұқсат етіледі.
Алтай-Қом тасжолының жалпы ұзындығы 209,45 шақырым. Бұл жол Алтай қаласынан басталып, Қанас туристік аймағындағы Қом ауылында аяқталады. Шыңжаңның солтүстігіндегі «Мың шақырымдық галереяның» маңызды бөлігі бола отырып, тас жолы - бойында орман, шатқал, жайлау, саздық сияқты әртүрлі табиғат көріністерін бір бойына жиған танымал туристік бағыт.
people.cn © People's Daily Online




