2026 BRICS Жаңа индустриялық революция көрмесі: Озық технологиялар жинағы, кәсіпкерлерге мүмкіндік

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 28 мамыр
2026 BRICS Жаңа индустриялық революция көрмесі: Озық технологиялар жинағы, кәсіпкерлерге мүмкіндік

28 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 27 мамырда Сямынь қаласында 2026 BRICS Жаңа индустриялық революция серіктестігі форумы басталды. Осы кезеңде, Сямынь Халықаралық конгресс-көрме орталығында 2026 BRICS Жаңа индустриялық революция көрмесі өтті.

«Үлкен BRICS» нарығының интеллектуалды трансформациялану қажеттіліктерін ескере отырып, көрме BRICS инновациялық орталығы мен Ғылыми-технологиялық инкубациялық базасының үздік нәтижелері мен қолдау көрсету қызметтерін кеңінен таныстыра отырып, төрт негізгі көрме аймағын ұйымдастырды: ақылды фабрикалар, ақылды денсаулық сақтау, ақылды ауыл шаруашылығы және ақылды көлік.

Көрме залында 10 елден келген 120-дан астам ірі компаниялар өз өнімдерін көрсетті. Өнеркәсіптік үлкен модельдер, төмен биіктіктегі ұшу аппараттары, нақты бейнелі роботтар, ақылды тракторлар, пилотсыз басқару жүйелері секілді озық технологиялар қатар қойылып, өте тартымды болды. Келушілер арасында көптеген отандық және шетелдік сатып алушылар стендтердің алдында тоқталып, мұқият тексеріп, белсенді түрде ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Бүкіл көрме залы қызыққа әрі «мүмкіндікке» толы болды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото