- Барлық ақпарат
Тұрпанда барлық этникалық топтар мен туристер құрбан айт мерекесін бірге тойлады
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 29 мамыр

29 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 27 мамыр күні Тұрпан жүзім аңғары көрікті аймағына жергілікті халық пен туристер жиналып, мерекені думандатты. Жұртшылық әртүрлі дәмді тағамдар мен жеміс-жидектерді ортаға қойып, құрбан айт мерекесін тойлады.
Іс-шара өтетін жерде дәмді тоқаштар, ауылшаруашылық өнімдері және үлкен банкет орналастырылған. Кең дастарханның ортасына биіктігі 1,5 метр, салмағы 125 келі, 21 қабатты саңзы қойылған. Туристер осында келіп, саңзымен бірге фотоға түсіп, естелік қалдырды.
«Мың метрлік банкет» шарасы 29 мамырға дейін жалғасады.





(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



