Чжэцзян өлкесі Цзясин қаласы Наньху әуежайы алғашқы халықаралық жүк бағытын іске қосты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 29 мамыр

29 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 28 мамыр күні электроника мен электр құрылғылары, фармацевтика және тоқыма бұйымдары сынды жүктер тиелген «Цзясин нөмерлі» жүк ұшағы Чжэцзян өлкесі Цзясин қаласы Наньху әуежайынан Бангладештің Дакка әуежайына бағыт алды. Бұл әуежайдың алғашқы халықаралық жүк бағытының ресми түрде іске қосылғанын білдіреді. Янцзы өзені атырауы аймағындағы алғашқы арнайы әуе жүк хабы ретінде Цзясин Наньху әуежайы 2026 жыл бойы қосымша 19 халықаралық жүк бағытын іске қосуды жоспарлап отыр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото