Қытайда өндіріс пен сатылым көлемі 100 млн көліктен асқан алғашқы автоөндіруші пайда болды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 29 мамыр

29 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 28 мамыр күні SAIC Motor компаниясы өзінің жаһандық деңгейдегі 100 миллионыншы тұтынушысына көлікті тапсыру рәсімін өткізді. Тұтынушының қолына IM LS9 Hyper моделін тапсырып, SAIC Қытайдағы автомобиль өнеркәсібінде жиынтық өндіріс пен сатылым көлемі 100 миллион көліктен асқан алғашқы автоөндіруші атанды.

Кешенді жаһандық таралымға сүйене отырып, SAIC компаниясының қызметі 170-тен астам ел мен аймақты қамтиды, ал шетелде жиынтық сатылым 7 миллион автокөліктен асты.

Фото: Синьхуа

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото