- Барлық ақпарат
BYD 4нм технологиялық интеллектуалды жүргізу чипін шығарды. Ол L3 және L4 деңгейлі автономды жүргізуді қолдайды
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 29 мамыр

29 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 28 мамырда BYD «Xuanji A3» чипін шығарды – бұл BYD компаниясының өзі әзірлеген 4нм технологиялық интеллектуалды жүргізу чипі. Құрылғы Қытайдағы тұңғыш 4нм интеллектуалды жүргізу чипі.
Мәліметтер бойынша, «Xuanji A3» жаппай өндіріске енгізіліп, L3 және L4 деңгейлі автономды жүргізуді қолдайды. Үш чиптің тиімді үйлесуі арқылы 2100 TOPS-тан асатын жалпы есептеу қуатына қол жеткізеді.
BYD тобының төрағасы Ван Чуаньфудың айтуынша, бұл чип Қытайдың интеллектуалды жүргізу чиптерінің ең жоғары деңгейін көрсетеді. Әрі бірлік есептеу қуатына шаққандағы энергия тұтынуы да ең төмен болып табылады.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



