- Барлық ақпарат
Шыңжаңның Тұрпан аймағында қарбыздан мол өнім алынды
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 1 маусым

1 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Жаз келіп, жеміс-жидектің иісі аңқыды. Шыңжаңның Турпан аймағында 75 800 му қарбыз бен тәтті қауындар ең жоғары егін жинау маусымына аяқ басты.
Шетсіз де шексіз қауын алқаптарында жемістердің сабағы жайқалып, арасында домаланған қауын-қарбыздар пісе бастады. Фермерлер қарбалас жеміс жинап, оларды қораптап жөнелтіп, егін басында жұмыс қыза түсті. Жарығы мол, күн нұры ұзақ түсетін Тұрпан аймағы қауын-қарбыз өсіруге тамаша жағдай әзірлеген. Тұрпан қарбыздарының қабығы жұқа, дәмі тәтті, сапасы жоғары. Осындай артықшылықтарының арқасында аталмыш жемістер жергілікті тұрғындардың табысын арттырып, баю жолына жеткізетін тірек салаға айналды.
Фото:Синьхуа

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



