Гуанчжоу-Үрімжі-Франкфурт әуе бағыты іске қосылды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 1 маусым

1 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Бүгін Гуанчжоу-Үрімжі-Франкфурт халықаралық әуе бағыты ресми түрде іске қосылды. Бұл бағыт еліміздің солтүстік-батыс аймағын Германиямен тікелей байланыстыратын алғашқы құрлықаралық жолаушылар тасымалы. Жаңа бағыт Гуандун-Сянган-Аомэнь үлкен шығанақ аймағын, Жібек жолы экономикалық белдеуінің негізгі аймағын және Еуропаның кіндігін жалғап, Шыңжаңның батысқа қарай ашылуын кеңейтетін Азия мен Еуропа арасындағы жаңа көпірге айналды.

Бұрын Шыңжаң мен Еуропа арасындағы сапар Бейжің, Шанхай, Гуанчжоу немесе Шэньчжэнь сияқты ірі хабтар арқылы трансферді қажет ететін. Бұл жаңа бағыт іске қосылғаннан кейін Үрімжіден Франкфуртқа тікелей ұшу 8 сағат болады. Басқа өлкелерден алмасу және күту уақыты үнемделіп, Қытай мен Еуропа арасында саяхаттайтын жолаушылар жалпы сапар уақытында он сағаттан астам уақыт үнемдей алатын болды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото