Америкалық жігіт Гуйчжоудың «ауылдық сән апталығына» қатысты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 2 маусым

2 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Гуйчжоу өлкесінің Цяндуннань Мяо және Дун автономиялық облысында орналасқан Кайли қаласындағы «ауылдық сән апталығы» шынымен де ерекше тартымдылыққа ие. Оның дәстүрлі сән апталықтарынан айырмашылығы, кәсіби модельдік тәжірибеге талап қоймайды. Мұнда фермерлер, мұғалімдер, студенттер, туристер сынды кез келген қарапайым адам сахнаға шығып, ең жаңа киім үлгілерін киіп көрсете алады. Мяо және Дун мәдениетінің элементтерін бір бойына тоғыстырған киімдерді киген адамдар тек сәннің тартымдылығын ғана емес, сонымен қатар, өз мекенінің мәдениетіне деген терең сүйіспеншілігі мен сенімін көрсетеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото