- Барлық ақпарат
Сабаншы малшының үйінде төлдеді: Полиция мен тұрғындар сирек кездесетін жануарға қамқорлық көрсетті

2 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Ұлттық II дәрежелі қорғалатын жануар — Сабаншылар(қой сілеусіндер) Шыңжаң мен Ішкі Моңғұлдағы малшының үйінде төлдеп қалды. Жергілікті полиция, тұрғындар және табиғи қорық қызметкерлері оны «мүмкіндігінше үркітіп алмау» тәсілімен бақылауға алды. Бірнеше күндік күтімнен кейін сабаншы төлдері біршама ширап, аяққа тұрды.

Шыңжаңның Тарбағатай аймағында бір малшы сабаншының үйінде төлдеп қалғанын байқап, дереу полицияға хабарлады. Сабаншылар табиғатынан сақ, сезімтал, үркек болатындықтан, оларды асығыс көшіруге әрекет жасалмады. Сабаншыларға тұрақты әрі тыныш орта жайлылығы қажет болғандықтан, полиция дәстүрлі құтқару әдісінің орнына қорғауды таңдады. Олар тәулік бойы нақты уақыт режимінде жұмыс жүргізетін бақылау жабдықтарын орнатып, күзет қызметін ұйымдастырды. Осылайша жаңадан туылған сабаншы төлдерінің қауіпсіз өсіп-жетілуіне кепілдік етті.

Осындай оқиға, 28 мамыр күні Ішкі Моңғұлдағы бір малшы үйінде қайталанды. Онда да үйінің ішіне сабаншы бес төл туып кеткен. Табиғи қорық қызметкерлері төлдердің денсаулығы жақсы екенін, енесінің жақын жерде жүргенін, төлдерін асырауға қауқары барлығын растады. Олар да «мүмкіндігінше үркітіп алмау» қағидатымен көпшілікке сабаншыны аулауға, басқа жерге көшіруге, өз күштерімен тасымалдауға, тамақ беруге тыйым салды. Оның орнына, сала қызметкерлері тәулік бойы бақылау жүргізу үшін, жасырын жерлерге инфрақызыл камераларды орналастырды. Бұл қой сілеусін төлдерінің табиғи түрде өсуіне мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта бес күшік қауіпсіз ортада аман-есен өсіп келеді.


Фото: «Халық Газеті»
people.cn © People's Daily Online



