- Барлық ақпарат
Қытай ауыл шаруашылығы техникасы шетел нарығына шығуды жеделдетуде, әсіресе Орталық Азия нарығында танымал болып келеді

2 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай ауыл шаруашылығы техникасы Орталық Азия нарығында сұранысқа ие болып келедіШаньдун өлкесінің Вэйчай Лово компаниясы Орталық Азия аймағының жер жағдайлары мен пайдалану әдеттеріне сәйкес өнімдерін «бейімдеп», лайықты баға мен сапа кепілдігі және сапалы қызмет көрсету арқасында Қазақстан сияқты елдердің тұтынушыларының ықыласына ие болды.
Жергілікті фермер Мұрат: «Қытай техникасын пайдаланғаннан кейін егіс тиімділігі 40%-ға артып, жылдық табысымыз 15%-дан астам өсті» деп бөлісті.
Өзінің сапалы өнімдері мен қызмет көрсетуінің арқасында Вэйчай Лово компаниясының Орталық Азия нарығындағы сатылымы бірнеше жыл қатарынан 30%-дан астам өсімді көрсетуде.
Сонымен қатар Хэнань өлкесінің China Yituo компаниясы «бөлшектеп құрастыру» үлгісі арқылы нарықты кеңейтуде. Орталық Азия арнайы пойызы арқылы қосалқы бөлшектерді Қазақстандағы жергілікті зауыттарға жөнелтіп, сол жерде құрастырады. Осы трансформациядан кейін компанияның жылдық экспорты бірнеше жүз данадан мыңдаған данаға дейін артты.
Көкшетау қаласы Қазақстанның солтүстігінде орналасқан. 2021 жылы China Yituo компаниясының көмегімен мұнда заманауи трактор құрастыру зауыты салынды. Бұл жаңа үлгі логистикалық шығындарды айтарлықтай төмендетіп қана қоймай, жергілікті жерде жұмыс орындарын да ашты.
Жас қазақстандық Нұрсұлтан China Yituo компаниясының техникалық оқуынан өткен соң құрастыру зауытының монтаждау инженері болды.
Қытай - ауыл шаруашылығы техникасының барлық түрін өндіру мүмкіндігіне ие әлемдегі жалғыз ел. Осы жылдың бірінші тоқсанында Қытайдың ауыл шаруашылығы техникасын экспорттау көлемі 5,94 миллиард АҚШ долларына жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,9%-ға өсті.
people.cn © People's Daily Online



