Орталық дәліздегі Қытай-Еуропа жүк пойыздарын өткізу көлемі биыл 2000-нан асты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 3 маусым

3 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 6 маусымда 55 контейнерге толы Қытай-Еуропа жүк пойызы Еріэн-Хото теміржол шекара бекеті арқылы елден шықты. Осылайша, Еріэн-Хото бекеті арқылы өткен Қытай-Еуропа жүк пойыздарының саны биыл 2000-нан асты.

Қытай-Еуропа жүк пойыздарының орталық дәлізіндегі бірден бір кіріп-шығу теміржол шекара бекеті ретінде Еріэн-Хото «Қытай-Еуропа жүк пойыздарын кіргізу, жеткізу, ауыстырып тиеу және түсірілгеннен кейін бос вагондарды қайтаруды басымдықпен қамтамасыз ету» жұмыс үлгісін енгізді. Моңғолияның Замын-Үүд бекетінен құрылған «екі бекетті біріктіру» үлгісін тереңдетті. Сол сияқты «күнделікті диалог, айлық кездесу» тетігіне сүйеніп, екі бекеттің вагон ағыны құрылымы мен бекеттегі жағдай туралы ақпаратпен бөлісіп, Қытай-Еуропа жүк пойыздарының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етті.

Қазіргі уақытта Еріэн-Хото теміржол шекара бекеті арқылы жүретін Қытай-Еуропа жүк пойыздарының бағыт саны 75-ке жетіп, Германия, Польша және тағы 10-нан астам елдің 70-тен астам негізгі торап бекеттеріне бара алады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото