- Барлық ақпарат
Қытайдың алғашқы онлайн салық қайтару дүкені Бейжіңде ашылды
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 4 маусым

4 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 2 маусым күні Бейжің қалалық салық қызметі Бейжіңде Қытайдан шығатын туристерге арналған алғашқы онлайн салық қайтару дүкенінің ресми түрде ашылғанын, сонымен қатар қонақ үй индустриясы үшін орталықтандырылған салық қайтару пункттерінің алғашқы партиясының ашылғанын жариялады. Шетелдік туристер енді онлайн сауда жасағаннан кейін салық қайтаруларын қонақ үйлерінде тікелей жасай алады, бұл салық қайтару қызметтерінің ауқымын одан әрі кеңейтті. Қазіргі уақытта онлайн салық қайтару дүкені ұялы байланыс, цифрлық өнімдер, компьютерлер мен кеңсе тауарлары, тұрмыстық техника сияқты 6 үлкен түр бойынша салық қайтарылатын тауарлардың 300-ге жуық кіші санатын ұсынады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



