Гуйчжоудың Орталық Азияға баратын алғашқы JSQ типті жүк пойызы ресми түрде іске қосылды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 4 маусым

4 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 3 маусым күні вагондары коммерциялық көлікке толы JSQ типті жүк пойызы Гуйян теміржол логистика орталығының Гаймао бөлімшесінен жолға шықты. Бұл Гуйчжоу өлкесінің Орталық Азияға баратын алғашқы JSQ типті жүк пойызының ресми түрде іске қосылуын білдіреді. Пойыз 29 вагоннан тұрады, негізінен жергілікте өндірілген 261 жаңа энергия көлігін тасымалдауда. Пойыз шамамен 15 күннен кейін Қазақстанның Алтынкөл теміржол шекара өткеліне жетеді деп болжанып отыр.

Фото:Синьхуа

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото