Еліміздің өзіндік ғылыми жетістіктерімен әзірленген T1000 класты жоғары өнімді көміртек талшығы өндіріске жіберілді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 4 маусым

4 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Еліміздің өзіндік технологиялық бағытымен әзірленген T1000 класты жоғары өнімді көміртек талшығы Шанхайда сериялық өндіріске енгізілді. Бұл өнім аэроғарыш, физикалық тұлғалы интеллект, төмен биіктік экономикасы секілді жоғары деңгейлі салалар мен болашақ индустрияларда қолданылады.

Бұл ретте сериялық өндіріске енгізілген T1000 класты жоғары өнімді көміртек талшығы 12K ұсақ шоғыр түрінде, яғни әрбір көміртек талшығы шоғыры 12 мың жіңішке талшықтан тұрады, бір жіңішке талшықтың диаметрі небәрі шамамен 7 микрон — бұл кәдімгі адам шашының диаметрінің оннан бір бөлігіндей. Бір шоғыр талшықтың созуға төзімділігі салмағы шамамен 10 тонна болатын орташа жүк көлігін тартуға жетеді.

Тығыздығы болаттың төрттен бірінен де аз, ал беріктігі болаттан 7-9 есе жоғары, сонымен қатар коррозияға төзімділік секілді тамаша артықшылықтарға ие. Бұл - жоғары деңгейлі өндіріс пен стратегиялық жабдықтарды дамытудың негізгі шикізат материалы. Көпжылдық зерттеулер мен жетістіктердің нәтижесінде елімізде шикізат жіптерін дайындаудан бастап, көміртек талшығын өндіруге және композиттік материалдардан бұйымдар жасауға дейінгі толық өндірістік тізбек қалыптасты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото