Янцзы өзенінен 130-дан астым теңіз дельфині көзге түсті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 5 маусым

5 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Цзянсу өлкесінің Экология және қоршаған орта департаментінің мәліметі бойынша, Цзянсу қоршаған ортаны бақылау орталығы жақында Янцзы өзенінің Цзянсу бөлігі бойындағы Янцзы өзені теңіз дельфиндерінің екінші тоқсандағы популяциялық сауалнамасын сәтті аяқтады. Зерттеу 7 күндік бақылау бойынша жүзеге асырылып, нәтижесінде 37 үйірлі, 130-дан астам жеке дельфиндер анықталды. Байқалған ең үлкен үйірде 12 дельфин қатар жүрген. Бұл көрсеткіш 2025 жылғы осы кезеңдегі бақыланған аталмыш жануарлар санынан асып түсіп, жаңа тарихи рекорд орнатты. Өзен бөлігінің басым көпшілігінде теңіз дельфиндерінің іздері байқалып, олардың жалпы тіршілік ету ортасының барған сайын кеңейе түскенін көрсетті. Бақылау жүргізілген әртүрлі өзендердің ішінде Нанькин учаскесінде 70-тен астам жеке жүзген теңіз дельфиндері көзге шалынды. Бұл ең жоғары көрсеткіш болмақ.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото