Қаңтар-сәуір айларында ірі ақпараттық-электронды өнеркәсіптің пайда көлемі 2 еседен астамға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 5 маусым

5 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 2026 жылдың алғашқы төрт айында Қытайдың ақпараттық-электронды өнеркәсібі қарқынды өсім көрсетті. Индустрия және ақпарат технологиялары министрлігінің деректері бойынша, саланың қосылған құны өткен жылмен салыстырғанда 14%-ға өскен. Жалпы пайда көлемі 316,5 миллиард юаньға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі еседен астамға (108%) артқан.

Өндіріс көлеміне келетін болсақ, ұялы телефондардың өндірісі 452 миллион дананы құраған. Оның ішінде смартфондар өндірісі 6,5%-ға, интегралдық микросхемалар өндірісі 24,7%-ға өскен.

Экспорт тұрақты түрде ұлғаюда. Қаңтар-сәуір айларында ірі кәсіпорындардағы ақпараттық-электронды өнеркәсіптің жиынтық экспорттық тапсырыс құны 5,4%-ға жоғарылаған. Ал интегралдық микросхемалар экспорты 10,6%-ға артқан.

Бұл ретте, қаңтар-сәуір айларында ақпараттық-электронды өнеркәсіптің негізгі капиталға инвестициясы өткен жылмен салыстырғанда 5,4%-ға өсіп, өнеркәсіптегі инвестициялардың өсу қарқынынан 3 пайыздық тармаққа жоғарылаған.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото