Шыңжаңның 29-ыншы азаматтық көлік әуежайы қосылды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 8 маусым

8 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 3 маусым күні Қытай Азаматтық авиация әкімшілігінің Шыңжаң аймақтық басқармасы (CAAC) Байынғолын Бүгір әуежайына пайдалану лицензиясын берді. Бұл әуежайдың ресми түрде іске қосылуға дайындығын әрі Шыңжаңда ашылған 29-ыншы азаматтық көлік әуежайы екенін білдіреді.

Пайдалану лицензиясын 3 маусымда ресми түрде алған әуежай Қытайдың азаматтық авиациясының «14-інші бесжылдық» жоспары аясындағы маңызды жобасы болып табылады. 4С санат стандарттарына сәйкес салынған нысанда 2600 метрлік ұшу-қону жолағы, 3000 шаршы метрлік терминал ғимараты және 4 ұшақ тұрағы бар.

2030 жылға қарай әуежайдың жылдық жолаушылар тасымалы 300 000 адамды, ал жылдық жүк және пошта айналымы 600 тоннаны құрайды деп болжануда. Бұл жергіліктің сыртқы көлік байланыстарын жақсартып, аймақтық экономикалық және әлеуметтік дамуға ықпал етеді.

Фото:Байынғолын газеті

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото