- Барлық ақпарат
Кэкэсили жолдан өтетін Сицзан бөкендері үшін бағдаршамдар орнатты

9 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Қазір Сицзан бөкендерінің қоныс аудару және төлдеу маусымы. Жақында тілшілер Цинхай өлкесі Юйшу облысы қоғамдық қауіпсіздік бюросына қарасты Кэкэсили табиғи қорығының қоғамдық қауіпсіздік мекемесінен алған мәліметіне сәйкес, жергілікті билік органдары бөкендердің көші-қон барысында басып өтетін жолына уақытша бағдаршамдар орнатты. Бұл шамдар өтіп бара жатқан көліктерге қоныс аударған бөкендерге жол беру мақсатында қызмет етеді.
Сицзан бөкендерінің жолдан өтуі — Цинхай-Сицзан тасжолының Кэкэсили учаскесіндегі ерекше көрініс. Жыл сайын мамыр мен шілде аралығында мыңдаған ұрғашы Сицзан бөкендері Кэкэсили аймағының кіндігіндегі көл жағасына келіп, төлдейді. Төлдері ширап, аяққа тұрғаннан кейін оларды ертіп, өз мекендеріне қайтады.

people.cn © People's Daily Online



