Тарым мұнай кен орнының 2026 жылы жалпы жасыл электр энергиясын өндіру көлемі 1,1 млрд кВт/сағ-тан асты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 9 маусым

9 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 6 маусымдағы жағдай бойынша, PetroChina компаниясының Тарым мұнай кен орнының 2026 жылы жинақталған жасыл электр энергиясын өндіру көлемі 1,1 миллиард кВт/сағ-тан асып, 1,105 миллиард кВт/сағ-қа жетті. Бұл өндіріс 330 000 тоннадан астам стандартты көмірді үнемдеуге және көмірқышқыл газы шығарындыларын 860 000 тоннаға азайтуға тең. Бүгінгі таңда Тарым мұнай кен орны Лопнұр, Чершен, Қағылық, Пәйзауат және Шанку қалаларында орналасқан жалпы белгіленген қуаты 2,6 миллион киловатт болатын 5 орталықтандырылған фотоэлектрлік электр станциясының құрылысын аяқтады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото