- Барлық ақпарат
Гуансидің Дун кестесі таулы аймақтан халықаралық сахнаға жол тартты
11 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Гуансидің Саньцзян дун автономиялық ауданында 61 жастағы Дун кестесінің мұрагері Вэй Цинхуа мен оның қызы Цинь Гуйчжэнь көне «қағаз ойма кестесі» өнерін әлемге танытып жүр. Дун кестесі тоқыма, көктеу, қағаз ою мен кесте тігуді біріктіреді, шеберлер алдын ала сызба түсірмей-ақ сәнді ою-өрнектерді кестелей алады.
2018 жылы Вэй Цинхуа кесте шеберханасын ашып, ауылдағы әйелдердің өз үйлерінде жұмыс істеуіне мүмкіндік берді. Осы күнге дейін ол 3000-нан астам адамға оқу-жаттығу өткізіп, 300-ге жуық әйелдің жұмысқа орналасуына көмектесті.
Вэй Цинхуа мен Цинь Гуйчжэнь Дун кестесін күміс әшекейлермен ұштастыра отырып, он екі жануар белгілері бар білезіктер, брошьтар, сырғалар сияқты мәдени-шағын бұйымдар әзірледі. Сонымен қатар жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, Дун кестесі мен қағаз оюының негізінде жасалған декорлық жұмыс Милан дизайн апталығында өз көрінісін тауып, Қытайдың материалдық емес мәдени мұрасының инновациялық жетістіктерін көрсетті.
people.cn © People's Daily Online




