- Барлық ақпарат
Фошаньдағы кеме «дрифі» туралы естіп пе едіңіз? (6)
16 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Фошань қаласының Децзяо сулы аймағындағы өзен арналары тар және иректеліп ағады. Децзяо ауылының тұрғындары жергілікті ерекше жер бедерін пайдалана отырып, ғасырлар бойы осы өзен арналарында қайық есіп келеді. Децзяо айдындарындағы кемелер ирек суда жылдам бұрылыс жасағаннан кейін суда ізі қалады. Олардың жылдамдығы мен бұрылыс траекториясы автокөлік дрифіне ұқсайды. Осылайша, мұнда ирек өзендерде жарысу және суда дрифт жасау әдісі пайда болды.
«Кеме дрифі» Децзяо айдындарындағы жарыстың ерекше атауына айналды. Жыл сайын Дуаньу мерекесі қарсаңында Децзяодағы айдындарында кеме дрифі жарысы өткізіледі. Бұл жарыста кемеге отыз-қырық адам отырып, тар өзен арналарында дрифт жасап бұрылады. Бұл көрініс каскадёрлік дрифт жарысын еске түсіреді.
people.cn © People's Daily Online




