Жер бетіндегі ең биік қалада «Аспан жолын» күзету (5)

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 23 маусым
Жер бетіндегі ең биік қалада «Аспан жолын» күзету

23 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 18 маусымда Сицзан автономиялық регионының Начюй қаласы Сэъни аумағының Тору учаскесіндегі теміржол күзеті жасағының жауынгерлері өздерінің жауапты аумағында барлау жасап жүр.

Қытайдағы ең биік орналасқан қалалық деңгейдегі әкімшілік бірлік – Сицзанның Нацюй қаласында, теңіз деңгейінен 4500 метр биік Цянтан жазығындағы Цинхай-Сицзан теміржолымен пойыз кетіп барады. Теміржол жағалауында Сэъни аумағы Тору учаскесіндегі теміржол күзеті жасағының жауынгерлері сап түзеп, пойызға салтанатты түрде құрмет жасады.

2006 жылы Цинхай-Сицзан теміржолы толық іске қосылғаннан бері бұл күзет жасағы осы жерге орнығып, биік таулы аймақ, қатал ауа райы, жабдықтардың қарапайымдылығы сияқты қиындықтарды жеңіп, теміржол бойында 20 жыл бойы күзет қызметін атқарып келеді. Олардың міндеті – 25 шақырымдық желіні күзету, қауіп-қатерлерді анықтау, адамдар мен малдардың рельс алаңына кіріп кетуінің алдын алу, желі бойындағы жол-көлік оқиғаларына көмектесу. Сондай-ақ мал бағу маусымында малшыларға қой жүнін қырқуға және қораларды жөндеуге көмектеседі.

Қазіргі таңда олар тұратын база палаткадан кішігірім ғимаратқа айналып, су, электр жарығы және жылыту жүйелері толық орнатылды. Сонымен қатар баскетбол алаңы, бильярд бөлмесі және спорт жабдықтары бар. Тамақтарында ет пен көкөністен екі-екі түрі және сорпа бар. Ал патрульдік маршрут бойында жел мен жауыннан қорғайтын бірнеше күзет мұнаралары салынған.

Тору жауынгерлерінің хикаясы желінің шағын көрінісі ғана. Цинхай-Сицзан теміржолы өтетін әрбір жайлау мен әрбір тау жотасында мыңдаған күзетшілер әрбір жолаушыға жасаған құрмет ишарасы арқылы: «Бұл жолды күзететін адамдар бар», - деп сәлем жолдайды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото