- Барлық ақпарат
Потацо табиғи саябағының жазғы көркі (6)
23 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Жаздың шілде айында Юньнань өлкесінің Шангри-Ла қаласындағы Потацо ұлттық табиғи саябағында өсімдіктер жайқалып, табиғат тамылжып тұр. Мөлдір көл әйнектей жарқырап, көгілдір аспан мен ақ бұлттардың сағымын бейнелейді; байырғы орманды тау жасыл желек жамылып, шарбы бұлттар шалғынды жайлаудан баяу сырғиды, үйірлі малдар емін-еркін жайылып, биік таулы аймақтың жазғы әсем көрінісін барынша әйгілеп тұр.
Соңғы жылдары жергілікті үкімет батпақты жерлерді, орман және шалғынды кешенді түрде қорғау-қалпына келтіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп, тау-орманды күзету және экологиялық мониторинг шараларын үздіксіз жүзеге асыруда. Мәдени-туристік даму мен саябақты басқаруды үйлесімді реттеп, экологиялық сапаны тұрақты түрде арттырып келеді.
people.cn © People's Daily Online




