- Барлық ақпарат
Чунциннен жаңа үлгідегі автомобиль контейнерлері толық тиелген алғашқы Қытай-Еуропа пойызы жөнелтілді (4)
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 23 маусым
23 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 22 маусымда 182 Чанъань автокөлігі тиелген X8013 Қытай-Еуропа экспресс-пойызы Чунциннің Туаньцзецунь орталық стансасынан жолға шықты. Қытай-Еуропа экспресс-пойызында алғаш рет пайдалануға берілген 40 футтық, 35 тонналық әмбебап автомобиль контейнері толық пойызға қолданылды. Бұл жаңа үлгідегі автомобиль контейнерінің жүк көтеру қабілеті жоғары, бару бағытында бүкіл көлік бір контейнерде тікелей жеткізіле алады. Ал қайту бағытында әртүрлі контейнерге сыйымды жүктерді тасымалдауға мүмкіндік бар. Осы ретте тасымалдау тиімділігі айтарлықтай артты. Бұл Қытайдың автокөлік экспортына тиімді қолдау болады.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online




