Төртінші жеткізу тізбегі көрмесі: жасанды интеллект мыңдаған саланы дамытуға үлес қосып жатыр

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 24 маусым
Төртінші жеткізу тізбегі көрмесі: жасанды интеллект мыңдаған саланы дамытуға үлес қосып жатыр

24 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 22-26 маусым аралығында Бейжіңде Төртінші халықаралық жеткізу тізбегін дамыту көрмесі өтті. Жеткізу тізбегі көрмесі – жеткізу тізбегі тақырыбына арналған мемлекеттік деңгейдегі көрме. Биылғы көрменің тақырыбы – «Әлемді байланыстырып, болашақты бірге жасау». Көрме «6 тізбек және 1 көрме аймағы» болып ұйымдастырылды, атап айтқанда, цифрлық-интеллектуалдық технология тізбегі, озық өндіріс тізбегі, жасыл ауыл шаруашылығы тізбегі, салауатты өмір тізбегі, интеллектуалды автокөлік тізбегі, таза энергия тізбегі және жеткізу тізбегі қызметі көрме аймағы. Сонымен қатар алғаш рет жасанды интеллект арнайы аймағы құрылды. Алуан түрлі жасанды интеллект жаңа бұйымдары көрмеде таныстырылып, адамдарға жасанды интеллекттің мыңдаған саланы дамытудағы болашақ көрінісін көрсетіп, ғылыми-технологиялық инновация мен индустриялық инновацияның терең үйлесуінің қуатты серпінін сезіндірді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото