Испания 16 жылдан кейін әлем чемпионатының финалына шықты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 15 шілде
Испания 16 жылдан кейін әлем чемпионатының финалына шықты

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалындағы Франция — Испания кездесуінде, испаниялық футболшылар қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, финалға жолдама алды.

Испания 2010 жылы әлем чемпионы атағына қол жеткізген еді. Олар он алты жылдан кейін қайтадан сол жетістігін қайталауға мүмкіндік алып отыр.

Алда Англия — Аргентина құрамалары финалдың тағы бір жолдамасын сарапқа салады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото