- Барлық ақпарат
Цзилинь өлкесінің Лишу ауданы: Жасыл желектегі мол өнім (7)
17 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Шілденің шіліңгір ыстығында Цзилинь өлкесінің Сэпин қаласына қарасты Лишу ауданының кең-байтақ егістік алқаптары жасыл желекпен көмкеріліп жатыр. Жүгері сабақтары мығым әрі тік өскен, жапырақтары жап-жасыл және қалың, дәл қазіргі сәт жүгері бастары түйін тастайтын маңызды кезең. Алқапта зиянкестерді бақылайтын құрылғылар мен спораларды толық автоматты түрде талдайтын аппараттар тиімді жұмыс істеп тұр. Қара топырақтағы егінжайлар құлпыра өсіп, мол өнімге деген үміт ұшқынын көрсетуде.
Лишу ауданы - Сунляо жазығының орталығындағы жүгерінің алтын белдеуінде орналасқан, Қытайдың астық өндіретін маңызды ауданының бірі. Соңғы жылдары жергілікті билік астық қауіпсіздігінің базалық шебін берік қорғап, қара топырақты қорғаудың «Лишу моделін» ауқымды түрде енгізді және тиісті аймақтарды толық қамтып, Цзилинь өлкесінің 50 миллиард кг астық өндірісі жобасын ілгерілетуге үлес қосып жатыр.
people.cn © People's Daily Online




