Тұманды жаңбырлы Данься - майлы бояулы сурет (7)

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 20 шілде
Тұманды жаңбырлы Данься - майлы бояулы сурет

20 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Тұман шөккен қызыл аңғар. Жуырда Шэньси өлкесінің Юйлинь қаласы Цзинбянь ауданы Лунчжоу қалашығындағы Болан аңғар (Толқынды аңғары) табиғи саябағына жеңіл тұман түсті. Жаңбырдың шаюы мен ылғалдануынан қызыл құмтастардың түсі одан сайын қоюланып, жарқырап, ғажайып көрініс қалыптасып, туристердің назарын аударып, тамсана тамашалауына себеп болды.

Болан аңғарының Данься жер бедері миллиондаған жылдар бойы жел мен құмның әсерінен және ағын судың шаюынан қалыптасқан. Қабат-қабат болып өрілген құмтас өрнектері толқын көрінеді. Данься көркі күн ашық кезде тап-таза әрі қапырық ыстық, ал жаңбырдан кейін мөлдір әрі әсем көрінеді. Жаңбыр тамшылары жартас бетіне тигенде қызыл қабаттардың түсі қоюланып, тау арасына жеңіл тұман түсіп, аңғар түбіндегі өсімдіктер жап-жасыл болып, бірін-бірі толықтырып, майлы бояулы суреттей әсер қалдырады.

Қазір сары даладағы Даньсяның атағы кең таралып, әр жерден туристер ағылып жатыр. Сары топырақты үстіртте жатқан бұл геологиялық сырлы мекен өзінің төрт мезгілдегі ерекше көркімен жергілікті жердің мәдениет пен туризм брендіне айналып, мәдени-туристік саланың жоғары сапалы дамуына күш қосты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото