«Жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты дамытудың іс-қимыл жоспары» жарияланды (11)

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 20 шілде
«Жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты дамытудың іс-қимыл жоспары» жарияланды

20 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 17 шілдеде Шанхайда өткен 2026 жылғы Дүниежүзілік жасанды интеллект саммиті және жасанды интеллект саласындағы жаһандық басқару жөніндегі жоғары деңгейдегі конференция барысында Мемлекеттік даму және реформалар комитеті тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп «Жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты дамытудың іс-қимыл жоспары» мен «Қытай парасаты – әлемнің игілігі (2026)» атты зерттеу жинағын жария етті.

«Жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты дамытудың іс-қимыл жоспары» деректер, есептеу қуаты, экожүйе, ықпал ету, кадрлар, ережелер, басқару және этика сияқты аспектілерден бастап, сапалы деректермен қамтамасыз ету, есептеу қуатының жалпыға қолжетімділігі, ашық бастапқы кодты экожүйені ортақ пайдалану, жасанды интеллектке терең ықпал ету, цифрлық кадрларды бірлесіп даярлау, ережелер мен стандарттарды бірлесіп құру, қауіпсіздік саласындағы басқаруды үйлестіру, жасанды интеллектті игілікке бағыттау сынды сегіз іс-қимылды ұсынады. Бұл нақты шаралар - Біріккен Ұлттар Ұйымының жасанды интеллект саласындағы халықаралық ынтымақтастықты күшейту, цифрлық алшақтықты жою және жасанды интеллект арқылы тұрақты дамуға жәрдемдесу жөніндегі бастамаларға жауап ретіндегі іс-қимылдар.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото