- Барлық ақпарат
Еліміздегі тік жағалау сызығы бойымен айлаққа тікелей жететін алғашқы теңіз-теміржол бірлескен арнайы желісі іске қосылды (6)
30 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 29 шілдеде контейнерлерге толы жүк пойызы Сямынь қаласының Юаньхай айлағынан жолға шықты. Осылайша, еліміздегі тік жағалау сызығы бойымен айлаққа тікелей жететін алғашқы теңіз-теміржол бірлескен арнайы желісі – Сямынь Юаньхай айлағы теміржол арнайы желісі ресми түрде пайдалануға берілді.
Бұл теміржол арнайы желісі - Қытайдың көлік-логистика саласындағы интеграциялық дамуының бірінші топтағы негізгі жобасы. Оның ұзындығы – 1586 метр, жылдық контейнер өткізу қуаты – 250 мың ТЕU, қапталған және қапталмаған (контейнерсіз) жүктерді өткізу қуаты – жылына 250 мың тонна. Теміржол желісі жағалау сызығымен тік бұрыш жасай орналастырылған және айлақтың негізгі жұмыс аймағының ішіне еніп, айлақтың алдыңғы шебіне 70 метр қашықтықта орналасқан. Бұл жүктердің айлақта тікелей пойызға тиеліп, жөнелтілуіне мүмкіндік береді.
Суреттер Синьхуа Ақпарат Агенттігінен алынды
people.cn © People's Daily Online




