Мыңжылдық Цзиндэчжэнь – ертеден бүгінге жеткен отынды пеш (17)

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 31 шілде
Мыңжылдық Цзиндэчжэнь – ертеден бүгінге жеткен отынды пеш

31 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- «Цзиндэчжэнь қолдан керамика жасау өнеркәсібі мұралары» ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне сәтті енгізілді. Жергілікті ерекше керамика жасау технологиясы мен көптеген мәдени ескерткіштер Қытайдың ежелгі керамика өркениеті мен теңіз арқылы жүргізілген сыртқы сауда тарихын толық сақтап қалды.

Фулян ауданындағы Гаолин қыш топырағы кен орны – Цзиндэчжэнь керамика өнеркәсібінің өркендеуінің материалдық негізі. Ежелгі адамдар гаолин топырағы мен қыш тас ұнтағын араластыру рецепт жасап, ежелгі кезде ірі керамика бұйымдарын өртеу кезіндегі деформация мәселесін шешті. Осы рецепт бойынша өртелген керамика бұйымдары 1300 градус Цельсийден жоғары температураға төтеп бере алады, бұйымның құрылымы берік, сырлы беті майда әрі жылтыр болады.

Шарықтау шегіне жеткен кезде Гаолин кен алаңында 30 мыңға жуық кенші жұмыс істеп, өндірілген қыш топырағы әртүрлі керамика зауыттарына жөнелтілді.

Ломацяо пеш орны Тан әулетінің соңынан (9 ғасыр) бастау алып, Оңтүстік Суннан Цин әулетінің соңына (1127 – 1912 жылдар) дейін пеш оты сөнбей, өндіріс мыңжыл бойы жалғасты. Мұнда тек императорлық сарайға арналған ресми керамика бұйымдары ғана емес, сонымен қатар Юань кезеңіндегі (1271 – 1368 жылдар) көк-ақ фарфор сияқты экспорттық керамика да көптеп өндіріліп, Теңіз жібек жолы арқылы әлемнің түкпір-түкпіріне таралды, бұл ежелгі Қытайдың керамиканы сыртқа саудалаудағы гүлдену кезеңінің куәсі.

Чжушань императорлық пеш зауытының ескерткіші мен Таоянли тарихи-мәдени аумағы – Қытай керамика мәдениетінің негізгі орталықтары. Мұнда Сун әулетінен (960 – 1279 жылдар) бері өзен бойында пеш салып, пеш маңында базар пайда болған ерекше керамикалық елді мекен құрылымы толық сақталған. Чжушань императорлық пеш зауыты – Мин және Цин әулеттерінің (1368 – 1912 жылдар) екі кезеңінде де императорлық сарайға арналған керамика бұйымдарын дайындайтын патшалық пеш зауыты болды. Сюйцзя отынды пеші – Цзиндэчжэньнің ежелгі отынды пешінің мұрасы. Қазір ол қайта жағылып, мыңжылдық керамика жасау шеберлігі мен керамика мәдениетін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келеді.

Синьхуа Ақпарат Агенттігінің суреті

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото