Орманды өлкеде байлыққа бастаған бал арасы (3)

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 31 шілде
Орманды өлкеде байлыққа бастаған бал арасы

31 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 29 шілдеде Хэйлунцзян өлкесі Жаохэ қаласындағы Солтүстік-Шығыс Қара Арасы мемлекеттік табиғи қорығында омарташы Юэ Юнь бал шелектегі аралардың жағдайын тексеруде.

Қазіргі уақытта Солтүстік-Шығыс Қара Арасы мемлекеттік табиғи қорығында бал жинау қызу жүріп жатыр. Тау ішіндегі ара шаруашылығымен айналысушылардың жұмысы қауырт. Солардың бірі - Улиньдун ауылы Шуаншэн қыстағының тұрғыны Юэ Юнь.

Юэ Юньнің аралармен жұмыс жасағанына биыл 33-інші жыл. Ертеректе Юэ Юнь үшін бал сату ісі қиындыққа толы еді: «Балды жинап алсам да, өткізу жолы қатты алаңдататын»,- дейді ол. Осы мәселені шешу үшін Хэйлунцзян өлкесінің Жаохэ қаласы соңғы жылдары ірі ара шаруашылығы кәсіпорындары бастамашылығымен кооперативтер құрып, ара шаруашылығымен айналысушыларға жүйелі техникалық оқыту ұйымдастырды. Бұл бал сапасын тұрақты көтеруге мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта жергілікті жерде «Жетекші кәсіпорын + кооператив + омарташы» үлгісіндегі жетілген салалық модель қалыптасты. Осы күнге дейін Солтүстік-Шығыс Қара Арасы мемлекеттік табиғи қорығында 431 ара шаруашылығы іске қосылған. Ара өсірумен айналысатындар саны 1300-ден асты. Юэ Юнь сияқты таулы аймақ тұрғындары кәсіптерінің арқасында өздерін байлыққа бастайтын құпияның шешуін тапты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото