Батыс Қытай – құрлық-теңіз жаңа дәлізі бойынша Чунцин қаласының жүк тасымалы жылдың бірінші жартысында 25%-дан астамға артты (5)

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 3 тамыз
Батыс Қытай – құрлық-теңіз жаңа дәлізі бойынша Чунцин қаласының жүк тасымалы жылдың бірінші жартысында 25%-дан астамға артты

3 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 30 шілдеде Чунцин қаласының Юйцзуй станциясынан Оңтүстік-Шығыс Азия нарығына бағытталған «Батыс Қытай құрлық-теңіз жаңа дәлізі» бағдары бойынша жүк пойызы жолға шықты. Пойыз негізінен автокөлік бөлшектері мен мотоцикл қосалқы бөлшектері сияқты «Чунцинде жасалған» тауарларға толтырылған.

Қытай темір жолының Чэнду филиалы логистика департаментінің статистикасы бойынша, биыл 29 шілдеге дейін Чунцин қаласынан «Батыс Қытай – құрлық-теңіз жаңа дәлізі» бағытымен жүрген жүк пойыздарының саны 1101-ге жетіп, мыңнан асты. Оның ішінде жылдың бірінші жартысында 961 пойыз жүк тасымалдаған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,6%-ға көп.

Чунцин кеденінің деректері бойынша, жылдың бірінші жартысында Чунциннің «Батыс Қытай – құрлық-теңіз жаңа дәлізі» арқылы импорт пен экспорт көлемі 28,71 миллиард юаньға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,7%-ға өскен. Бұл дәліздің жергілікті сыртқы саудаға қозғаушы күшінің артып келе жатқанын көрсетеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото