Қысқы Олимпиадағы Қазақстан спортшылары: Қытайдағы күндерді ешқашан ұмытпаймын (2)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 17 ақпан

Қысқы Олимпиада қалашығы керемет! Тіпті сұлулық салоны да бар

Beijing Daily тілшісі: Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының тұрмыстық және жатын орын жағдайлары туралы не айтасыз?

Әділ Ғалиахметов: Мен Бейжің жарыс аймағында болдым. Маған бұл жер ұнайды, өйткені бәрі ыңғайлы. Ұйымдастыру комитеті барлық қажетті жағдайлар мен құралдарды дайындап қойған. Біздің бөлме үлкен және жақсы жарықтандырылған. Маған бөлменің икемдеуге қолайлы төсегі аса ұнады. Ол өте ыңғайлы функцияға ие.

Шыңғыс Рақпаров: Бұл менің бірінші қысқы Олимпиадам. Менің ойымша, Чжанцзякоу қысқы Олимпиада қалашығының жабдықталуы өте жақсы. Мысалы, мұнда көлік, шаштараз, сауда үйлері, спорт залдары, ойын залдары мен емханаларының ұйымдастырылуы тамаша. Олимпиада қатысушылары үшін жайлы ортаның болуы өте маңызды.

Валерия Тюленева: Чжанцзякоу қысқы Олимпиада қалашығы керемет! Онда сізге қажет нәрсенің бәрі бар: спорт залы, аурухана, тамаша жатахана; алуан түрлі дәмді тағамдары бар үлкен мейрамхана; барлық қажеттіліктері бар дүкен; ойын аркадасы, тіпті сұлулық салоны да бар!

Шынымды айтсам, мен қысқы Олимпиада қалашығындағы өмірге алғашында қатты алаңдадым. Өйткені біз белгіленген аумақтан шыға алмаймыз және карантиндік шараларды да сақтауымыз керек. Енді ойласам, бұл мәселелер маған еш қиындық тудырмады.

Валерия Тюленева: 24 жаста, шаңғышы

 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото